Астанада бұршақ жауып, көлік терезелері сынып кетті

Бұршақ сағат 17.50-18.00 шамасында жауды.

Астана қаласының әуежай аумағында бұршақ жауып, көліктердің терезесі шытынады, кейбірінде сынып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұршақ сағат  17.50-18ү00 шамасында жауды. Халықаралық әуежай маңындағы көліктер бір сәтке қозғалысты тоқтатып, жол жиегіне тоқтады.

Мұндай бұршақты бірінші рет көріп тұрмын. Тауық жұмыртқасына жететін шығар көлемі. Енді көліктің алдыңғы терезесін ауыстыру керек. Сақтандыру компаниялары шығынды өтемейді. Ол осы алдыңғы терезенің түпнұсқасы 80 мың, көшірмесі 40-45 мың тұрады,  деді такси жүргізушісі.

Айта кетейік, осыған дейін атмосфералық фронттардың ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болатыны айтылды. Яғни, найзағай жарқылдап, бұршақ пен жауын жауады, дауыл соғады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram арнасынан таба аласыз.