Блогерлерге хиджаб кигені үшін 500 мың АҚШ доллары төленетіні рас па?

Бұл сауалға журналист Әсел Қайролла жауап берді.

Бұдан біраз уақыт бұрын танымал тележүргізуші Динара Сәтжан «Блогерлерге хиджаб кигені үшін ақша ұсынады» деген еді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Осы тұжырымнан соң, журналист Әсел Қайролла діни пропаганда үшін кейбіреулерге ақша төленетіні туралы қызық мәлімет ұсынды.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Оның жазуынша, оған есімін атамауды сұраған бір кісі орану үшін қанша ақша төлейтінін айтқан көрінеді. 

«Өзін атамауды өтінген (тіпті, жалынған) сенімді дереккөзден: діни пропаганда үшін орануға ұсынылған сома 200 000 – 500 000$ арасы. Қосымша Bvlgari, Cartier, Tiffany, т.б. Біздегі діннің жағдайы осы», – деп жазды журналист.

Оның бұл жазбасын оқыған желі қолданушылары түрлі пікірлерін білдірді.