Трейдингке арналған брокерді қалай таңдаймыз?

Әркез іскерлік беделі, абыройы бар брокерді таңдаңыз, мәселен, банк ашқан брокерлерді қарастырыңыз.

Сенімді брокерді тауып, таңдау үшін брокерлерге қатысты маңызды деректерді сараптау қажет. Оны Brokers.best аталатын Қазақстандағы брокерлер рейтингінен біле аласыз. Мұнда үздік брокерлерді анықтау үшін 80 тармақтан тұратын арнайы чеклист қолданылады.

Брокер таңдау кезінде неге мән берген жөн?

Реттеу және лицензиялау

Әркез іскерлік беделі, абыройы бар брокерді таңдаңыз, мәселен, банк ашқан брокерлерді қарастырыңыз. Брокердің лицензиясын әркез арнайы реттеушінің сайтынан тексеруге болады.

Сауда платформалары мен құралдарын бағалау

Брокерлер өздерінің немесе жалға алынған әмбебап сауда терминалдарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Терминалдарды брокерлер өздері орнататындықтан, бір платформада сауда жасау кезінде әр брокердің сауда талаптары өзгелерден ерекшеленуі мүмкін.

Тарифтер мен комиссиялар

Сайтта сауда талаптары мен комиссияларына қатысты ақпараттың бір бөлігі жарияланады. Комиссияларға қатысты деректерді білу үшін шартты толық оқып шығыңыз. Мұнда әрекетсіздік пен ақшаны шешу кезіндегі комиссиялар, валютаны айырбастаудағы талаптар, өтінімдерді өңдеу жылдамдығы және тағы да басқа ақпарат көрсетіледі.

ТҰТЫНУШЫЛАРҒА КӨРСЕТІЛГЕН ҚОЛДАУДЫ БАҒАЛАУ

Тұтынушыларды қолдау: телефон, электронды пошта, хабарлама және мессенджер арқылы жүзеге асады. Қолдауды 24/5 немесе 24/7көрсету маңызды.

Қолжетімді активтерді зерттеу

Қазіргі таңда кей брокерлер тек бір валюталық жұппен сауда жүргізуге мүмкіндік береді, (бұл жеке биржалардағы өтімділікке әсер ететін, есеп айырысу шектеулеріне байланысты болады)  ал сауда-саттық кезінде түрлі валюталар мен валюталық облигациялардың фьючерстерін қолдануға болады.

Қорытынды

Брокер таңдау кезінде келісімшарт пен өзге де құжаттарды оқып шығу керек. Бірақ ең бастысы, брокер арқылы қол жеткізетін мақсаттарды анықтап алған жөн. Кей брокерлер кәсіби трейдерлерге бағытталғандықтан бұл істі жаңадан бастаушыларға қолдауға дайын емес. Брокер туралы толық ақпарат алу үшін Brokers.best сайтын қолданыңыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.