«Бәрімізден кінә бар...»: Бокс федерациясының президенті қазақ боксында өзгеріс болатынын айтты

Париж Олимпиадасына барған боксшылардың ішінен Нұрбек Оралбай күміс медаль алды.

ҚР Бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп еліміздің бокс саласына өзгеріс қажет екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

"Өзімізден жауапкершілікті алып, ақталатын жайымыз жоқ. Бәрімізден кінә бар. Федерация тарапынан да, жаттықтырушылар тарапынан да ағаттық кетті. Енді жіберген қателіктермен жұмыс істеп, нәтиже шығару қажет. Қазір біз шешімге келдік, қазақ боксына реформа жүргізіледі", – деді Шахмұрат Мүтәліп Qazsport арнасының тілшісіне берген сұхбатында. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.