Астанада екі күнде 1,5 айлық мөлшерден аса жаңбыр жауды

Астана қаласында екі тәулік бойы нөсер жаңбыр, ірі бұршақ жауды.

Осылайша, елордада екі күнде 1,5 айлық мөлшерден астам жаңбыр жауды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлімдеді.

«Қазгидромет» дерегінше, екі күн ішінде Астанада 48 мм жаңбыр жауған, айлық норма – 31 мм. Яғни, екі күн ішінде жауын-шашын мөлшері 1,5 айлық мөлшерден асып түсті.

“Коммуналдық қызметтер толықтай күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қала бойынша 200 бірліктен астам арнайы техника жұмылдырылды, олар жергілікті орындарда су сору жұмысын жүргізіп жатыр, – деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.