Қазақстанда Абай есімді қанша азамат бар?

Ұлттық статистика бюросы ұлы ойшылдың құрметіне аталған қазақстандықтар туралы статистиканы ұсынды.

Бүгінде елімізде Абай есімді 18 586 адам тұрады, – деп жазады Aikyn.kz.

Ғұлама есімі берілгендердің ең көп саны Түркістан облысында – 2 050 адам, одан кейін Астана – 2 021 адам және Алматы қаласы – 1 639 адам.

Ойшыл есімі берілген азаматтардың ең аз саны Ұлытау өңірінде – 193 адам. Ақынның туған өлкесінде (Абай обл.) Абай есімді 232 адам тұрады.

Егер жас құрамы бойынша қарасақ, 18 жасқа дейінгі 4 166 балаға Абай есімі берілген, 18 бен 44 жас аралығындағы осы есімді тағы 8 179 адам және 45 жастан асқан 6 241 адам бар.