Жетісуда 70 адамның 100 миллион теңгесін алдап алған қылмыстық топ ұсталды

Зардап шеккендер саны әлі де көбейіп жатыр.

Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдары қылмыстық топтың қызметінің жолын кесті, – деп жазады Aikyn.kz.

Топ бүкіл ел бойынша жұртты алдап, алаяқтықпен және ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан, – деп хабарлайды Malim.kz.

Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша 35 ұялы телефон, 135 SIM-карта, 2 пневматикалық тапанша және 3 қымбат көлік тәркіленген.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп, зардап шеккендер анықталып жатыр. Қазірдің өзінде 70 жәбірленуші анықталды, олардың шығыны 100 миллион теңгеден асады, зардап шеккендер саны өсу үстінде", – деп жазылған облыс прокуратурасының ресми мәлімдемесінде.