Алматыда бір топ жігіт балдақтағы адамға шабуыл жасады

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Алматыдағы бейнебақылау камераларына ер адамның соққыға жығылған сәті түсіп қалған, – деп жазады Aikyn.kz.

Полицейлер оқиғаға қатысушылардың үстінен қылмыстық іс қозғады.

Бейнежазбада балдақ ұстаған ер адамның топтан қашып бара жатқанын көруге болады. Бір кезде ол балдақпен өзіне қарсы келгендерді ұра бастайды. Бірақ оған бірнеше қарсылас бір мезгілде шабуыл жасап, оны құлатып, ұрып-соғуды жалғастырады.

Алматы Полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

– Күдіктілер анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады ведомстводан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.