Әскерилерді әлеуметтік қолдау күшейеді: Тоқаев Қорғаныс министрін қабылдады

Жақсылықов Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстары туралы баяндады.

ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Жақсылықов Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстары туралы баяндады.

«Руслан Жақсылықов халықаралық оқу-жаттығу жиындарының нәтижелері, жауынгерлік дайындыққа жаңа әдістер енгізу жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ қарулы күштердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне қатысты бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы жайында айтты. Заманауи қару-жарақпен және әскери техникалармен қамтамасыз ету, қорғаныс инфрақұрылымын дамыту, әскери-патриоттық жұмыстарды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Әскери қызметшілер мен зейнеткерлерді әлеуметтік тұрғыдан қолдауды арттыру шаралары туралы есеп берді», – деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу соңында Жоғарғы Бас қолбасшы Қорғаныс министріне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар тапсырма берген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.