Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Гүлмира Дөненбаева сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Дөненбаева Нұрахметованы атқаратын лауазымына тағайындағаны үшін Садықов арқылы 1 000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.
"8 тамызда Семей қаласының № 2 сотымен Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Г. Дөненбаеваға, осы басқарманың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Р. Садықовқа және Семей қаласы ПБ Көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы А. Нұрахметоваға қатысты үкім жарияланды. Дөненбаева 4 жылға, Нұрахметова 3 жылға, Садықов 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сотталғандар арнаулы атақтардан және мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды", – делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.