Павлодарда өлімші етіп сабалған жас жігіттің денесі табылды

Жас жігіттің қайтыс болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған.

Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оның қайтыс болғанын растады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Павлодар-онлайнға сілтеме жасап.

Жас жігіттің қайтыс болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған. Бұл жағдайды Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы растады.

«Шақыру 11 тамыз күні сағат 04.48-де түсті. Астана көшесі, 18 мекенжайы бойынша көшеде ер адам ұрып-соғылған. Оқиға орнында медицина қызметкерлері 20-25 жастағы ер адамның қайтыс болғанын растады», – деп хабарлады 103 баспасөз қызметі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.