Премьер-лига: «Тобыл» «Қызылжардан» жеңіліп қалды

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің кейінге қалдырылған 14-турында қостанайлық «Тобыл» өз алаңында петропавл­дық «Қызылжардан» жеңіліп қалды.

Биыл ел біріншілігінде маусым ба­сында «Тобыл» топ жаратын команда ретінде саналған еді. Де­генмен олардың ойыны әзірге жан­күйер көңілінен шығатын түрі жоқ. Кездесудің бірінде мықты коман­даларды тізе бүктірсе, ендігісінде ойламаған жерден қарсыласына есе жіберіп қояды.

Қостанайлық клуб бүгін өз алаңында петропавлдық «Қызыл­жар­мен» кездесті. Ойын алаң ие­лері үшін сәтті басталған еді. «То­был» сапынан әріптесі Роман Асранкуловтың берген пасын 26-ми­нутта голға айналдырып кет­ті. Оған 44-минутта петропавлдық клубтан Лука Имнадзе бір голмен жауап қайырды.

Ал 82-минутта «Қызылжардың» ойын­шысы Рафаиль Оспанов соқ­қан гол өз командасына жеңіс алып келді. Осылайша, «Тобыл» ойламаған жерден қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді. Ал «Атырау» мен «Ақтөбе» 1:1 есебіне қанағат біл­дірді.