Еуразия ұлттық университетінің жаңа жатақханасы пайдалануға берілді

Жатақхананың ауданы 4 300 шаршы метр, 6 қабат және 158 бөлмеден тұрады.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жаңа студенттер жатақханасы пайдалануға берілді. Мағжан Жұмабаев көшесі, 10А мекенжайындағы жаңа заманауи ғимаратқа ЕҰУ студенттері биылғы жаңа оқу жылында қоныстана алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Студенттер үйін инвестор-құрылыс салушы  Bastau Damu kz  компаниялар тобы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі негізінде тұрғызды. Жатақхананың ауданы 4 300 шаршы метр, 6 қабат және 158 бөлмеден тұрады. Әр бөлмеде 2 адамнан орналасады.

Студенттер үйінің бірінші кіреберісінде жігіттер, екіншісінде қыздар тұрады. Сондай-ақ әр қабатта коуоркинг, оқу залдары, санитарлық бөлмелер, асханалар, бейнебақылау орнатылған. Бірінші қабатта консьерж болады.

Тұрғын үйге қатысты барлық сұрақтар бойынша ЕҰУ Студенттер үйлері дирекциясына

8 (7172) 70 95 68, 8 708 425 17 00 немесе М.Жұмабаев,14 мекенжайы бойынша хабарласуға болады.