Тұрсынғали Еділов жаңа қызметке тағайындалды

Париж Олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін Бокс федерациясында кадрлық өзгерістер болды.

Спорт шебері, бокстан республиканың үш дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы  Тұрсынғали Еділов ҚР Бокс федерациясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Париж Олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін Бокс федерациясында кадрлық өзгерістер болды.

Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметінен босатылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.