Тойды садақаға айналдырған: дәстүрлі әнші Құран оқып, қыз ұзатқандарды сынға алды

Белгілі дәстүрлі әнші, жыршы Айгүл Елшібаева аялап өсірген қызын, жат ұяға беру қимастығының белгісі екенін жеткізген.

Өнер иесі теріс ағым өкілдерін сынға алып, олардың Құран оқып, қыз ұзатқандарын жат әрекетке теңейді, –  деп жазады Aikyn.kz.

"Алжыған уахабтар! Қыз баланы Құран оқып, өлік жөнелткендей ұзатқан не масқара. Көрген көзде жазық жоқ.

Уахабтар салт-дәстүрге қарсы болсаңдар, Құран оқып ұзатқанша, ұзату тойын жасамай, үйлеріңнен жібере салсаңдаршы, салт-дәстүрімізді қор қылмай", –  деп жазады ол желідегі парақшасына.

Айгүл Елшібаева қыз ұзату салт-дәстүрімізге жататынын алға тартады. Аялап өсірген қызын, жат ұяға беру қимастығының белгісі.

"Арабтарда күң-құл сату, әйелдің билігі екінші орында болғандықтан, қазақтың дәстүріндей қыз балаға құрметі жоқ.

Тойды садақаға айналдырған, садақа мен қыз ұзату салт-дәстүрді айыра алмаған дүбара сауатсыздар.

Уахаб шейхтарыңа ұнаймын дегенше, өле қалыңдар, қазақ болмай кеткірлер.

Ұлтымыздың тәрбиелі, мағыналы, қыз балаға ақ тілегімен құрмет көрсеткен салт-дәстүрін садақаға айналдырған сатқындар.

Ислам діні, Әбу Ханифа мазхабын ұстаған қазақ неше ғасыр мұндай сұмдықты көрмеген шығар! Осылардыкі дұрыс па, ағайын?", –  деп сауал тастайды өнер иесі.