Күрестен әлем чемпионатына қатысатын балуандар белгілі болды

Амман қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем біріншілігі өтеді.

19-25 қыркүйек күндері Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем біріншілігі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Аталған сынға грек-рим күресінен қатысатын қазақстандық балуандар тізімін ұсынамыз:

45 келі: Дамир Әбілда

48 келі: Едіге Төлеутаев

51 келі: Ерасыл Мусан

55 келі: Алпамыс Болатұлы

60 келі: Досбол Шәміл

65 келі: Данияр Қанағатбек

71 келі: Марлан Бақаев

80 келі: Еркебұлан Анапия

92 келі: Әділет Тойшы

110 келі: Ұланқандас Өтегенов

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.