Бетперде киген жігіт су тасқынынан зардап шеккен 34 отбасына баспана алып берді

Ол баспана қай өңір тұрғындарына берілгенін жазды.

Әлеуметтік желіде қайырымды ісімен танымал қара бетперде таққан жігіт  биыл көктемде су тасқынынан зардап шеккен 34 отбасына баспана алып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Видео Instagram желісіндегі chelovekvmaskee парақшасында жарияланды. Ол баспана қай өңір тұрғындарына берілгенін жазды.

«Су тасқынынан зардап шеккен 34 отбасы баспаналы болды. Біз сіздермен бірлесіп, 1 млн долларды су тасқынынан зардап шеккен Қазақстанның әр өңіріне үлестірдік. Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы», – деп жазды Instagram парақшасында.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Человек в маске (@chelovekvmaskee)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.