СҚО-да құтқарушылар жоғалған жігітті тапты

2006 жылы туған жас жігіт "Боровушка" демалу базасынан орман алқабына қарай шығып, адасып кеткен.

Оқиға Айыртау ауданында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2006 жылы туған жас жігіт  "Боровушка" демалу базасынан орман алқабына қарай шығып, адасып кеткен.

Алаңдаған туыстары ТЖМ қызметкерлеріне көмекке жүгінді. Құтқарушылардың күшімен жас жігіт жол жиегінен табылып, демалыс базасына жеткізілді. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.