Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты іс апелляциялық сотта қайта қаралды

Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

2024 жылғы 21 тамызда Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен А.Мұхамедиұлы және басқаларына қатысты қылмыстық іс апелляциялық тәртіпте қаралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz қалалық сотқа сілтеме жасап. 

Сот алқасы сотталғандардың және олардың адвокаттарының үкімді жоюды және сот тергеуін қайта бастау жөніндегі шағымын қабылдамады.

Осылайша, А.Мұхамедиұлы мен басқа да айыпталушыларға қатысты 2024 жылғы 29 ақпанда шыққан үкім өз күшінде қалды.

А.Мұхамедиұлы мынадай айыптар тағылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын:

  • «Алтын адам» көрмесін ұйымдастыру кезінде қаржы жымқыру;
  • Лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану;
  • «Дипломат» қонақүйіне қатысты рейдерлік;
  • Пара беру.

Үкім заңды күшіне енеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.