Көкшетау қаласының әкімі қызметінен босатылды

Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

2024 жылғы 20 тамызда Ақмола облысы әкімінің өкімімен Бауыржан Сейітқалиұлы Ғайса Көкшетау қаласының әкімі қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Әкімнің міндеттерін уақытша қала әкімінің орынбасары Гүлмира Темірболатқызы Шұқатова атқарады.

Бауыржан Ғайса Көкшетау қаласының әкімі қызметіне 2021 жылы тағайындалған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.