Данияр Шаяхметов тректегі велоспорттан әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Турнир 21-25 тамыз аралығына жоспарланған.

Қазақстандық велоспортшы Данияр Шаяхметов тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль иеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, велошабандоз кейрин бағдарламасында сынға түсті. Ол жеңімпаздан  +0.026 секундқа ғана қалып қойған. 

Осылайша, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 

Айта кетелік, тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі Қытайда өтіп жатыр.

Турнир 21-25 тамыз аралығына жоспарланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.