Әбиба Әбужақыноваға тағы бір көлік сыйлады

Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасында 48 кг салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Париж Олимпиадасында бесінші орын алған қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға тағы бір көлік сыйға берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Бұл туралы дзюдошы Instagram парақшасындағы Stories-де бөлісті. Спортшыға "Жеңіс" дзюдо клубының президенті атынан су жаңа автомобиль тарту етілген. 

Әбиба Әбужақынова Парижден оралғаннан кейін осымен үшінші көлікті сыйға алды. Бірінші "Республика" партиясының төрағасы, депутат Айдарбек Ходжаназаров көлік мінгізсе, кейін Атырау облысының әкімі де темір тұлпардың кілтін табыстады. 

Еске салайық, Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасында 48 кг салмақ дәрежесінде сынға түсті. Спортшы қола жүлдеге таласта швециялық Тара Бабулфаттан жеңіліп, бесінші орын алды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.