Үйден күштеп шығарған: Марат Әйтенов сотта әйелін жеңіп кетті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Марат Әйтеновтің әйелі Дана Әтешоваға 73 840 теңге (20 АЕК) көлемінде айыппұл салды.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Марат Әйтеновтің әйелі Дана Әтешоваға 73 840 теңге (20 АЕК) көлемінде айыппұл салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

А. оны мәжбүрлеп шығару процесі барысында үй иесіне қарсылық көрсетіп, М.-ны үйге кіргізбей, жәбірленушіні қасақана ұялы телефонымен соғып, оны тістеп алған.

Нәтижесінде М.-ге дене жарақаты келтірілген.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сот-медициналық сараптама қорытындысымен және іс материалдарымен дәлелденді.

Прокурор 30 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындауды сұрады.

Жасалған теріс қылықтың мән-жайларын және оның ауырлығын ескере отырып, сондай-ақ сотталушының жеке кәсіпкер болып табылатынын, оның асырауында 3 жас баласының бар екенін және жазаның өзге түрін тағайындау оның балаларының өмірі мен тәрбиесі жағдайларына әсер етуі мүмкін екенін ескере отырып, сот сотталушы А.-ға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.