Оралда жұмысқа шығып, жоғалып кеткен ер адам табылмай жатыр

Орал қаласында 48 жастағы ер адам 6 тамызда үйінен шығып кеткеннен оралмаған.

Орал қаласында 48 жастағы ер адам 6 тамызда үйінен шығып кеткеннен оралмаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 16 тамыз күні 1975 жылғы Орынбасар Адиотоллаұлы Сипатталовтың әйелі полицияға арызбен жүгінген.

Әйелдің айтуынша, күйеуі 6 тамызда сағат 09.30-да жұмысқа кетіп, осы уақытқа дейін келмеген.

«БҚО Полиция департаментінің барлық жеке құрамы осы азаматты іздестіруге бағытталған. Қазіргі кезде ер адамды табу үшін жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Егер аталған адам туралы мәлімет білгендер полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласуы сұралады», – делінген департамент берген ресми ақпаратта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.