Едіге Қасымбек әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Турнир барысында қазақстандық балуан Үндістан, Жапония және Иран балуандарынан басым түсті.

Едіге Қасымбек Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, еркін күрестен 110 келі салмақта бақ сынаған Едіге финалда америкалық спортшыға  есе жіберді. 

Турнир барысында қазақстандық балуан Үндістан, Жапония және Иран балуандарынан басым түсті. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.