Әнші Димаш Құдайберген Ақмешіт үңгіріне барды

Қазақстанның Халық әртісі Astana Arena стадионында Stranger атты жеке концертінде өнер көрсетеді.

Әнші Димаш Құдайберген Бәйдібек ауданындағы киелі орын саналатын Ақмешіт үңгірінде бейнебаянын түсірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Димаштың және оның бейнебаянының арқасында табиғаты керемет таңғажайып Ақмешіт үңгірі әлемге танылатын болады. Әншінің өңірге сапары, бейнебаян түсіру жұмысы тарихи-мәдени мұраның маңыздылығына, керемет табиғат көріністеріне назар аудартады. Сондай-ақ  алыс-жақын шетелдерден туристердің киелі мекенге көптеп келуіне септігін тигізіп, туризмнің дамуына ықпал етеді, деп жазды аудан әкімдігі.

«Димаш Құдайбергеннің қатысуымен Қазақстан туризмін ілгерілету жөніндегі музыкалық туындысына бейнебаян түсірілімі аясында аудан әкімдігі тарапынан қолғабыс көрсетілді. Осы орайда, Түркістан облысы әкімдігі түсірілім жұмысының Бәйдібек ауданында жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, аудан әкімдігіне алғыс білдірді»,  делінген хабарламада.

Айта кетейік, биыл 13-14 қыркүйекте Астанада Димаш Құдайбергеннің концерті өтеді. Қазақстанның Халық әртісі  Astana Arena  стадионында  Stranger  атты жеке концертінде өнер көрсетеді. Ұлттық дыбыстық және қазіргі әуендік техника үйлесім тапқан әлемдік деңгейдегі шоуда дәстүрлі және заманауи стильдегі композициялар орындалады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.