ТЖМ қызметкерлері Астана су қоймасында екі балықшыны құтқарды

Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кеше кешке Ақмола облысының құтқарушыларына 23 және 21 жастағы екі ер адам балық аулауға кетіп, қайтып оралмағаны туралы хабарлама түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге құтқарушылар балық аулау әуесқойларын бүгін таңертең бір-ақ тапты. 

– Белгілі болғандай, түнде қатты жел оларды қарама-қарсы жағалауға шығарып тастағаннан кейін олар өздігінен орала алмаған. Оған қоса балықшыларда құтқару кеудешелері мен байланыс құралдары болған жоқ, – делінген ТЖМ ақпаратында.

Құтқарылғандар су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.