Бірнеше өңірде ескерту жарияланды: 27 тамызға арналған ауа райы болжамы

Бүгін ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" синоптиктері 27 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бүгін еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, ауа райы бұзылады, сынап бағаны да әдеттегі шамадан төмендейді.

Алматы облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде және Павлодар қаласында тұман түседі деп күтіледі. 

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, ауа райы бұзылуы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың шығысында, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Таңертең және күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың Алакөл ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Петропавл қаласында 27 тамызда түнде және таңертең тұман болады.

Таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман түсу ықтималдылығы жоғары. Көкшетау қаласында да 27 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, 28 тамызда түнде таулы аудандарда, күндіз өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі, дауыл соғады. 27-28 тамызда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады деп болжануда. 27-28 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. 28 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. 27-28 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түркістан қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні – 15- 20 м/с.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында да төтенше өрт қаупі күтіледі.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.

Ұлытау облысының орталығында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында 27 тамызда найзағай ойнайды деп күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.