Грек-рим күресінің шеберлері халықаралық турнирде бес медаль жеңіп алды

72 келі салмақта Әділхан Сатаев үздік үштікке енді.

Ресейдің Новосібір қаласында грек-рим күресінен Аксенов мемориалы аяқталып, қазақстандық балуандар жүлдегерлер қатарынан көрінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, турнир барысында екі қазақстандық балуан финалға шығып, бірі алтын, бірі күміс иеленді. 

Атап айтсақ, 55 келідегі Аманғали Бекболатов күміске қол жеткізсе, Ғалым Қабдунасаров 60 келіде  чемпион атанды. 

Биылғы Азия чемпионы Ержет Жарылқасын мен әлем чемпионатының жүлдегері Мейрамбек Айнағұлов (екеуі де 63 келі) турнирдің қола медалін жеңіп алды. 

72 келі салмақта Әділхан Сатаев үздік үштікке енді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.