«AMANAT»: Қарағандыда шахматтан турнир өтті

«AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалында бастауыш партия ұйымдарының мүшелері арасында шахматтан турнир өтті.

Спортты кеңінен насихаттау мақсатында және партияның Қарағанды филиалының бастамасымен қаланың барлық бастауыш партия ұйымдарының мүшелері турнирге қатысты.

 Шараға Қарағанды облыстық шахмат федерациясы қолдау көрсетіп, турнирге төрешілер алқасын тартты. Турнирдің басты ерекшелігі – ол барлық санаттағы азаматтарды біріктірді. 

Барлық жастағы қатысушылар шахмат ойынынан бақ сынады. Турнирге жалпы 4 ойыншыдан 15 команда қатысып бақ сынады.

Командалар құрамында медициналық мекеме, жоғары оқу орындары, спорт клубтары және коммуналдық шаруашылық өкілдері бар.

Турнир жеңімпаздары дипломмен және үш жүлделі орын үшін сертификаттармен марапатталды, олар «Қазақстан темір жолы», «Ардагер 2012» және «Техникалық университет» БПҰ командалары болды.

– Мен «Барыс» командасының капитанымын. «AMANAT» партиясының қалалық филиалы ұйымдастырған үлкен шахмат турниріне қатыстық. Екінші жүлдені жеңіп алдық. Біздің ұжым өте тату, бәріміз зейнеткерміз. Біз өз командамызды 2012 жылы ұйымдастырдық, біз үнемі жаттығамыз, ойнаймыз және осыған ұқсас түрлі турнирлерге қатысуға тырысамыз. Белсенді ойыншы және шахмат әуесқойы ретінде биылғы жылы Қарағандыда ұйымдастырылған  шахмат жарысының жоғары дәрежеде өткенін айтқым келеді. Мамыр айында осы жерде «AMANAT» партиясының филиалының ғимаратында «SENAT OPEN 2024» облыстық турнирі өтті. Содан кейін жартылай финал болып, ал бүгін партия филиалы барлық бастауыш партия ұйымдарының мүшелері арасында турнир өткізуде. «AMANAT» партиясының облыстық филиалына ойын ойнап, сайысқа түсуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын, сонымен қатар баршаңызды келесі турнирлерге қатысуға шақырамын, – деп бөлісті «Ардагер – 2012» бастауыш партия ұйымының мүшесі Аман Жанғожин.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ, Қарағанды облысы