"Меломен" тобының әншісі бесінші рет әке атанды

"Меломен" тобының солисі Қайрат Мырзахановтың әйелі бесінші баласы дүниеге келгенін айтып, сүйінші сұрады.

"Меломен" тобының солисі Қайрат Мырзахановтың әйелі бесінші баласы дүниеге келгенін айтып, сүйінші сұрады. Ол қуанышты жаңалығын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Шолпан Мырзаханова оқырмандарына перзентханадағы суретін көрсетті.

Артынша жазбаны Қайрат Мырзахановтың өзі де бөлісті.

"Сүйінші! Ресми түрде бес баланың ата-анасы болдық. Аллаға сансыз шүкір", – деп жазды ол.

Мұны көрген көпшілік ерлі-зайыптыларды құттықтап, ақ тілегін арнады.

"Бауы берік болсын", "Үлкен азамат болып өсе беріңдер", "Ғұмыры ұзақ, салиқалы ұрпақ болсын", "Маған жұғысты болсын", "Аман-есен босанып алуыңызбен", "Көз қуаныштарыңыз болсын" деді желі қолданушылары. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.