Елдос Сметов өзі туралы фильм түсірмек

Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға дайындалып, көк туымызды тағы да биікке көтергісі келетінін жеткізді.

2024 жылғы Париж Олимпиадасында дзюдодан чемпион атанған Елдос Сметов Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында өзі туралы фильм түсіргісі келетінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Тарихи жеңісімнің артында үлкен еңбек пен күш-жігер жатыр. Басымнан өткен қиындықтар туралы көп адам біле бермейді. Сондықтан артымнан ерген жас спортшыларға мотивация болатындай фильм түсіру ойда жүр», - дейді спортшы.

Сонымен қатар Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға дайындалып, көк туымызды тағы да биікке көтергісі келетінін жеткізді. Бұған 34 жасында Олимпиада ойындарында күміс медаль алған Демеу Жадыраевтың жетістігі себеп болғанын айтады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.