Астанада 31 тамыз күні бірнеше көше жабылады

31 тамыз күні сағат 8:00-ден 10:00-ге дейін төменде көрсетілген көшелер жабылады.

31 тамыз күні елордада «Saryarqa Run» спорттық марафонының өтуіне байланысты бірнеше көше жабылады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

31 тамыз күні сағат 8:00-ден 10:00-ге дейін төменде көрсетілген көшелер жабылады:

  1. Бейбітшілік көшесі Кенесары көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін;
  2. Ә. Жангелдин көшесі Бейбітшілік көшесінен Жеңіс даңғылына дейін;
  3. Жеңіс даңғылы Бөгенбай батыр даңғылынан С. Сейфуллин көшесіне дейін;
  4. С. Сейфуллин көшесі Бейбітшілік көшесінен Қ. Күмісбеков көшесіне дейін;
  5. Қ. Күмісбеков көшесі А. Жангелдин көшесінен Кенесары көшесіне дейін;
  6. Кенесары көшесі Қ. Күмісбеков көшесінен М. Әуезов көшесіне дейін.

Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін Бейбітшілік көшесі, 9 ғимаратының жанында автотұрақ ұйымдастырылып, Т. Бигелдинов көшесі жағынан келу жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.