Бекзат Саттархановтың анасы: Өзбек боксшылары үйіме келіп, бата алып кетті

Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Саттарханова «Уақыт көрсетеді» YouTube арнасына сұхбат берді.

Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Саттарханова «Уақыт көрсетеді» YouTube арнасына берген сұхбатында жыл сайын өзбек боксшылары шаңырағына келіп, бата алатынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

«Әр Олимпиада алдында өзбек боксшылары үйіме келеді. Бір жылдары Икарус автобусымен түгелдей келіп, дастарханымнан дәм ауыз тиіп, менен бата алып кетті. Жыл сайын келіп тұрады, биыл да келіп кетті. Ал биыл мен өз бала-шағамды көрмедім. Мен боксшыларды бала-шағам деймін. Бақтияр Артаевтан басқа ешкімді көрмеппін. Міне, 24 жыл болды ғой», - деді Сырлыгүл Саттарханова.

Айта кетсек, биылғы Париж Олимпиадасында бокстан Өзбекстан ерлер құрамасы 5 алтын медаль жеңіп алған болатын. Ал Қазақстанның ерлер құрамасы 1 күміс жүлдеге ие болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.