Павлодарда адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні іздестіріп жатыр

Бұл ақпаратты қалалық Полиция департаменті де растады.

Павлодарда жаяу жүргіншілер жолында әйел адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісін іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео жарияланды. Видео авторы әжесінің көлік апатына ұшырағанын мәлімдейді.

"28 тамыз күні сағат 12:55-те Баян батыр көшесінде әжемді жаяу жүргіншілер өткелінде қағып, жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті", – дейді видео авторы.

Қалалық Полиция департаменті әйелдің полицияға хабарласпағанын айтып, бірақ жол апаты фактісі тіркелгенін растады. 

"Полиция жүргізушінің жеке басын анықтау шараларын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады Полиция департаменті.