Осыған дейін бір емес, бірнеше рет үй сыйлаған: танымал блогер Нұрғали Нүсіпжановқа қатысты тың дерек айтты

Олардың қалауы – Алматының жақсы ауданынан үй алу көрінеді.

Желіде Қазақстанның халық әншісі Нұрғали Нүсіпжановтың үйсіз жүргені туралы ақпарат тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Осыған байланысты біраз азамат желіде жазба жариялап, әншіні қолдаған.

Ал белгілі блогер Ася Асеткина желіде әншіні қолдап жазған жазбасын неге өшіргенін айтты.

"Достар, мен Нұрғали Нүсіпжанов туралы постымды өшірдім. Себебі, ағаның жағдайын жақсы білетін кісілердің айтуы бойынша, Нұрғали ағаға осыған дейін бір емес, бірнеше рет (әкімдіктен де, меценаттар да) үй сыйлаған екен. Бірақ олардың, жас жұбайы Жадыра екеуі ол алған үйлерін қанағат тұтпай, қалаулары – Алматының жақсы ауданынан, үлкен үй алу екен. Анығын біліп алмай, асығыс пост салғаным үшін өздеріңізден кешірім сұраймын", – деп жазды ол Facebook парақшасында. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.