Іле Алатау тауларында адасып кеткен үш жігіт аман-есен табылды

Алматы облысында 1998, 2001 және 2004 жылы туған үш жігіт тауға шығып, қараңғыда "Лесной" асуынан төмен түскен кезде адасып кеткен.

Іле Алатау тауларында құтқарушылар үш жігітті құтқарды. Бұл туралы Aikyn.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олар құтқарушылардан көмек сұрауға мәжбүр болған. 

"ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары таулы жерлермен екі сағатта жоғалғандарға жетіп, жігіттерді төмен қарай, туыстары күтіп тұрған жерге түсірді. Оларға медициналық көмек қажет болмады", – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.