Бірнеше өңірде үсік жүреді: Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

"Қазгидромет" синоптиктері қыркүйектің 3-і мен 5-і аралығында ауа райы қандай болатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Сәйкесінше, найзағай ойнап, жаңбыр жауып, республиканың солтүстігінде, шығысында кейбір уақыттарда қатты нөсер жаңбыр болады.

3 қыркүйекте түнде елдің шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 

Республиканың батысы мен оңтүстігінде солтүстік-батыс антициклон сілемімен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ел аумағы бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік және шығыс аймақтарда тұман, топырақ бетінде 2 градусқа дейінгі үсік болады.

Сондай-ақ күндіз температураның біртіндеп төмендеуі күтіледі. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында +8+15°С дейін, оңтүстігінде +20+28°С дейін төмендейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.