Астана мешітінде ер адам халықты пышақпен қорқытқан

Тексеру барысында ұсталған адам 2006 жылдан бастап психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды.

Астанада қала мешіттерінің бірінде ер адам құлшылық жасауға барған халықты пышақпен қорқытқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға орнына дереу полиция жасағы барған.

"36 жастағы күдікті жедел түрде ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Одан қолдан жасалған пышақ тәркіленді. Тексеру барысында ұсталған адам 2006 жылдан бастап психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды", – делінген полиция хабарламасында.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайына жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.