Жаңбыр, тұман, күшті жел: 3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК 3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында жауған жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін. Еліміздің қалған бөлігінде антициклонның әсерінен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-батысында қатты жел тұрады деп күтіледі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында түнде топырақ беті қатып, сынап бағаны -2°С дейін төмендейді.

Сондай-ақ, Ұлытау, Жетісу облыстары, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Атырау және Қызылорда облыстарының орталығында, Ақтөбе өңірінің оңтүстігінде, батысында, орталығында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда,  Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау өңірінің оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.