Күрестен әлем чемпионаты: үш қазақстандық балуан жартылай финалға шықты

U20 әлем чемпионаты 6 қыркүйекке дейін жалғасады.

Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде үш қазақстандық балуан жартылай финалға жолдама алды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.   

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 60 келідегі Оңдасын Хамитов, 67 келідегі Юсуф Ашрапов және 82 келідегі Ислам Евлоев әлем біріншілігінің жартылай финалында белдеседі. 

Одан бөлек, тағы екі балуанымыз қола жүлдеге таласады. Олар – Айбек Айтбеков (55 келі) және Темірлан Тұрдыақын (87 келі). 

U20 әлем чемпионаты 6 қыркүйекке дейін жалғасады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.