«Бәрі қасымда»: Айқын Төлепберген «әйелін тастап кетті» дегендерге жауап берді

Желі қолданушылары видеода Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалиды көріп, түрлі пікір жазған.

Әнші Айқын Төлепберген "әйелін тастап кетті" деп сынаған оқырмандарына жауап берді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.    

2013 жылы «Қазақстан аруы» атанған Айдай Исаева әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. Желі қолданушылары видеода Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалиды көріп, түрлі пікір жазған. 

"Айқын маған да ұнамай қалды. Балалы болып, жас қызға кетіп қалды. Тастап кеткен әйелінің бағы ашылсын. Бақытты болсын", "Айқын әйелін тастап кеткелі ұнамай қалды", "Айқын сол жағдайдан соң мүлдем ұнамай қалды. Әндерін тыңдамай кеттім", деп жазып жазды желі қолданушылары. 

Бұған Айқын Төлепберген "Бәрі қасымда. Ешкімді тастаған жоқпын", - деп жауап берді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.