Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы ОСК төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Президентке жаңартылған заңнамаға сай республикалық референдумға дайындық және ұйымдастыру жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орталық сайлау комиссиясының даму стратегиясын іске асырудың негізгі аспектілері баяндалды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.