«Мені әнші еткен – халық»: Гүлзира Айдарбекова не үшін ән айтып жүргенін түсіндірді

Продюсер желіде әнші Шаһизадамен бірге видео түсіріп, жариялаған.

Продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова желідегі оқырмандарына не үшін ән айтып жүргенін түсіндірді, – деп жазды  Aikyn.kz.   

Продюсер желіде әнші Шаһизадамен бірге видео түсіріп, жариялаған. Желі қолданушыларының сынап жазған пікірін жауапсыз қалдырмаған Гүлзира Айдарбекова продюсерлік жұмысы жанына жақын екенін атап өтті. 

“Шәкеңнің сахнада жүргеніне 40 жыл толды емес па?! Мен мүлдем әнші емеспін. Мені әнші еткен – халық. “Қызымды ұзатып бер”, “Ұлым мен келінімді кіргізіп бер”, “Аға екеуіңіз той алдында әннен шашу шашсаңыздар”, “Жолдарыңызды берсін” деп өтініш жасайтын жандар көп. Көңілдерін қимай, келісеміз. Қуаныштарына ортақ боламыз. Өзіме продюсерлік жұмысым ұнайды. Сол жұмысым бәрінен жоғарырақ. Жалпақ тілмен айтсам, продюсер – зауыт, әнші – өнім. Продюсер мықты болса, әнші жоғалмайды. Жаңа, түрлі жобалар жасайды. Спортшылардың да бапкері мықты болса, чемпион болады. Сол секілді дүние”, – деді продюсер. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Shakhizada Baipatchanova (@shahizada.art)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.