БҚО-да құтқарушылар ірі жарылыстың алдын алды

Зардап шеккендер жоқ.

Батыс Қазақстан облысында жарылыстың алды алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

- Бүгін Қаратөбе ауданы Шөптікөл ауылында гараж өртеніп, өрт жақын орналасқан жеке тұрғын үйдің шатырына ауысты, – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

– Барлау барысында өрт сөндірушілер өртке оранған құрылыстан 2 оттегі баллонын тауып, оларды суытып, қауіпсіз жерге алып шықты, – деп қосты ведомство.

Өрт сөндірушілердің күшімен 160 шаршы метр алаңдағы өрт толығымен сөндірілді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.