Ризабек Айтмұхан жастар арасында әлем чемпионы атанды

Ол барлық кездесуінде ірі есеппен жеңіске жетті.

Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ризабек финалда әзербайжандық Хетаг Карсановпен белдесті. 

Ересектер арасындағы әлем чемпионы саналатын Ризабек қарсыласын мерзімінен бұрын 10:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, турнир барысында Ризабек барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.