Көшпенділер ойындары: Алмат Ләтіпбек екінші алтынды жеңіп алды

10 қыркүйекте Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі.

Алмат Ләтіпбек аударыспақтан екінші алтынды жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Спорт және туризм министрлігінің хабарлауынша, аударыспақтан 70 келі салмақта сынға түскен Ермек Құралбай алтын медальға ие болды.
«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен 64 спортшы тіркелді. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Мажарстан, Қытай, АҚШ және Ресей. 10 қыркүйекте Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі.