Астанадағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушылары өз қатарластарын соққыға жыққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Instagram-дағы Astana_press парақшасындағы жазбада оқиғаның Астанада Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясында болғаны айтылған.
– Мектеп оқушылары басқа балаларға үнемі қорлық көрсетеді. Бір топ ұл топтасып алып, балаларды сабайды екен. Бұл туралы мектеп директоры да, оның орынбасарлары мен мұғалімдер де біледі, алайда еш шара қолданбайды деген ақпарат бар, – деп жазды Astana_press.
Бейнежазба қалалық полициясының назарына ілікті. Онда бір топ оқушының басқа оқушыларды ұрып-соғып жатқанын анық көруге болады.
– Аталған оқиғаға қатысы бар 9-сыныптың барлық оқушысы анықталып, ата-анасының көзінше жауап алынды. Қазір істің мән-жайы анықталуда. Тергеу нәтижесіне сәйкес оқушылардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі, – деп мәлімдеді Астана қаласы Алматы аудандық полиция басқармасының өкілдері.