Қазақстан ерлер құрамасы асық атудан жеңімпаз атанды

Қазақстан ерлер құрамасы Қырғызстанмен кездесті.

Асық атудан Қазақстан ерлер құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

А тобында қарсылас шақ келтірмей алғашқы орынмен ақтық сынға жолдама алған Қазақстан ерлер құрамасы Қырғызстанмен кездесті. "Алау"  мұзайдыны кешенінде өткен финалдық ойында отандық асықшылар қарсыластарын 2:1 есебімен тізе бүктірді.
 
Айта кетейік, асық атудан Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңде Өзбекстан, Испания, Грузия, Мажарстан және Моңғолия құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.
 
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.