Астанаға танымал шетелдік актерлер келді

Олардың сапары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарымен тұспа-тұс келді.

Танымал тай актерлері Тирадет Метаварают пен Чатаватх Паттаракампол Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Астанаға келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде миллиондаған жанкүйері бар тай киносының жұлдыздары Тирадет Метаварают және Чатаватх Паттаракампол Астанада келді. Олардың сапары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарымен тұспа-тұс келді. Таиландтан келген қонақтар әлеуметтік желіде өз әсерлерімен бөлісті.

Қазақстан астанасына келген актерлер көрікті жерлерді аралап, этноауылдың қызығын көрді, сол сияқты Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын тамашалады. Олар әлеуметтік желідегі парақшаларында Бәйтерек монументі мен қазақтың аңшы иті – тазының суретін жариялап, сапардың ұнағанын атап өтті.

Астанаға осымен екінші рет келген Тирадет пен қалаға алғаш рет келген Чатаватх жергілікті тұрғындардың қонақжайлылығына және елорданың ерекше атмосферасына таңданысын білдірді. Олар заманауи архитектуралық жетістіктердің көшпелі халықтардың бай мәдени тарихымен үйлесіп тұрғанын жоғары бағалады.

Актерлер Астананың тазалығы, заманауи стильде салынған ғимараттары және кешкі серуендеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тамаша жарықтандыру жүйесі үлкен әсер қалдырғанын атап өтті. Олар сондай-ақ қазақ халқының ұлттық тағамдары мен қонақжайлығына таң қалды.

Тирадет пен Чатаватх осындай маңызды іс-шараға қатысқандарына ризашылық білдіріп, Астана қауіпсіз әрі жайлы саяхат үшін тамаша орын екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 8-13 қыркүйек аралығында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті, оған әлемнің 89 елінен 2500-ден астам спортшы қатысты.

2024 жылғы 14 қыркүйекте Астанада 4 этноауылда: «Қазақ елі» монументінің аумағы, «Ататүрік» саябағы, «Бәйтерек» монументі және Орталық саябақ аумағынжа концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Концерттік бағдарламалар сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.

Концерттік бағдарламаға мәдениет басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелерінің шығармашылық ұжымдары мен солистері, сондай-ақ белгілі өнер қайраткерлері мен отандық эстрада жұлдыздары қатысады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.